Қызылордалық полицейлер қылмыстық топтың белсендісін ұстады

Қызылордалық полицейлер қылмыстық топтың белсендісін ұстады

Ағымдағы жылдың 21 қарашасында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданды.
          Белгілі болғандай, кешкілік уақытта қала орталығында орналасқан  көшелердің бірінде автокөлік иесін ұрып соғып, оның  «Opel Vektra» маркалы автокөлігін белгісіз адамдар ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығын 1 500 000 миллион теңгені құрады.
Дер кезінде барлық патрульдік қызметтерге ұрланған автокөлік бойынша бағыт-бағдар жіберілді. Көп ұзамай Қызылорда қалалық Полиция басқармасы қызметкерлерінің кәсібилігі мен іс-әрекеттерінің арқасында кезекші тәулікте күдіктілер ұсталды.
         Күдіктілердің бірі ұйымдасқан қылмыстық топтың белсендісі екендігі белгілі болды. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бірнеше қылмысы үшін сотты болған. Атап айтар болсақ, 2015 жылы ҚР ҚК 296 -бабының 4 - бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) 6 жылға  сотты болған.

Қазіргі таңда, ҚР ҚК 200-бабының 2-бөлігінің 1,3 тармақтарымен (адамдар тобы болып, денсаулыққа қауіпті емес күш қолданып автомобильді айдап кету) және 202 - бабының 2 –бөлігінің 1 – тармағымен (бөтеннің мүлкін өрт қою арқылы қасақана жою)  сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Екі күдікті  қазіргі таңда басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. 

        Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі