Қызылордада мекемеге 57 млн теңге көлемінде шығын келтірген ұрылар ұсталды

Қызылордада мекемеге 57 млн теңге көлемінде шығын келтірген  ұрылар ұсталды

      

Ағымдағы жылдың 14 сәуір күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жаңақорған аудандық полиция бөліміне Жаңақорған ауданы Шалқия кентінде орналасқан мекеме басшысынан мекеменің салынып жатқан электростанциясынан алюминийден жасалған құнды кабельдердің  ұрланғандығы туралы арыз түсті.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 – бабының 3 - бөлігі 1,3 – тармақтары бойынша (Ұрлық)  сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары басталды.   

Орын алған ұрлық салдарынан мекемеге 56 797 824 теңге көлемінде шығын келтірілген.  

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел шаралар нәтижесінде ауданның 3 тұрғыны қолға түсті. Олар ағымдағы жылдың наурыз айының 15-і мен сәуір айының 12-күндері аралығында қымбат кабельдер мен металл өнімдерін ұрлап, Жаңақорған-Шалқия тас жолына дейін жаяу тасып, одан әрі кент орталығына ұрланған заттарды автокөлікпен жеткізіп отырған. Алюминий кабельдерін облыс аумағындағы металл қабылдайтын орындарға өткізген және көрші өңірлерге жіберіп отырған.  Ұрланған заттардың бір бөлігі айғақ зат ретінде тәркіленді. 

Күдіктілер Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.  Тергеу амалдары жалғасуда.

 

 

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі