Полицейлер ұрыны құрықтады

Полицейлер ұрыны құрықтады

Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған болатын. Арызданушының айтуы бойынша саяжай учаскесінен белгісіз біреулер сыйымдылығы 10 текше метр металл бөшке мен құрал-саймандарды ұрлап кеткені туралы арызданған. Жәбірленушіге келтірілген  материалдық шығын 300 000 мың теңге.

Қылмысты ашу мақсатында аса тәжірибелі полицейлер қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды. Күдікті 1995 жылы туған облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Оның осы тектес деректерге қатыстылығы анықталуда. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (Адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жасаған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Полиция басқармасының басшылығы азаматтарға сергек болуды, сондай-ақ үйлеріне бейнебақылау камералары мен күзет дабылдарын орнатуды ескертеді. Сондай-ақ, пәтер ұрлығының алдын алу үшін кіреберіс есіктерді сенімді құлыптармен нығайту, ал терезелерге темір торлар орнату қажет. Егер сіз осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға 102 нөміріне хабарласыңыз.

 

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі