Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 1967 жылы туған облыс орталығының тұрғыны арызданған болатын. Арызданушының айтуы бойынша, ағымдағы жылдың наурыз айында белгісіз біреулер банктен арызданушының атынан 1 500 000 теңге көлемінде тауарлық несие рәсімдеп алған.
Жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысқа күдікті 21 жастағы бұрын сотты болған азамат ұсталды. Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі 4-тармағы бойынша (Алаяқтық, бірнеше рет жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.
Қазіргі таңда, күдікті толықтай өз кінәсін мойындап, оған қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі