Қызылордалық полицейлер "ізін суытпай" ұрыны ұстады

Қызылордалық полицейлер "ізін суытпай" ұрыны ұстады

      

12 сәуір күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын  үйінің ауласынан, гаражының есігі  ашық тұрғанын пайдаланып, кілттер жинағы ұрланғандығы жөнінде арызданған.

         Жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде полиция қызметкерлерімен «ізін суытпай» ұрлыққа күдікті қала тұрғыны құрықталды.

         Ұрланған айғақ заттар алынды.

Қазіргі таңда бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 – бабының 3-бөлігімен (тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.

 

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі