Ағымдағы жылдың 18 наурыз күні Қызылорда облысының Полиция Департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ЗК-169/5 мекемесінің бақылау өткізу пункті арқылы жалпы салмағы 67,62 гр. марихуана есірткі затын өткізбекші болған тұрғын ұсталды.
Жазасын өтеп жатқандарға аяқ киімінің ішіне жасырып, есірткі өткізбекші болған Қызылорда қаласының 43 жастағы тұрғыны күдікті ретінде танылып, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі бойынша (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта полицейлер бұл оқиғаның мән – жайларын анықтауда.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі