
«Қауіпсіздік коды: 102–111–150» профилактикалық акциясы аясында Жосалы кентіндегі халық көп шоғырланатын орындарда тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында азаматтарға құқық бұзушылықтың алдын алу, отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеу және "102, 111, 150" байланыс арналарына жүгіну тәртібі түсіндіріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.