ІІМ қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

ІІМ қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

Сенбілік аясында ведомство қызметкерлері қоғамдық аумақтарды тазалап, айналаны абаттандыру жұмыстарына атсалысып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты. «Таза Қазақстан» - бұл ауқымды экологиялық бастама ғана емес, әр азаматтың өз қаласына, ауласына және қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған игі іс. Тазалық әрқайсымыздан басталады!