Қызылорда облыстық прокуратурасының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету, құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау және командалық ынтымақтастықты нығайту мақсатында спорттық турнир өтті.
Жарыс аясында құқық қорғау органдарының қызметкерлері шағын футбол және үстел теннисі бойынша өзара бақ сынады.
Сайыс қорытындысымен Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жоғары нәтиже көрсетті. Үстел теннисінен 8 команда қатысып, І орынға ие болды. Департамент намысын Ағыбаев Нұрахмет Жәнібекұлы, Ахатаев Нұрбол Әбдікерімұлы және Алманиязов Талаптан Тағыбергенұлы қорғады.
Ал шағын футболдан Қызылорда облысы Полиция департаментінің командасы ІІІ орынға ие болып, жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Спорттық дода қатысушылардың кәсіби ортадағы өзара байланысты нығайтып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және ұжымдық рухты арттыруға оң ықпал етті.
Осындай спорттық іс-шаралар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бос уақытын тиімді ұйымдастырып қана қоймай, «Заң мен тәртіп» қағидатын күнделікті қызметте берік ұстануға бағытталған ортақ құндылықтарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.