
"Жасөспірімдерді бақылау ", іс- шарасы аясында Жаңақорған ауданы полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Баубеков Құдайберген Сабырханұлы Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылында орналасқан № 55 С.Қожанов атындағы орта мектебінің 8-11 сынаптарының оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға:
* топтық төбелес пен құқық бұзушылықтардың алдын алу;
* интернет-алаяқтықтан сақтану;
* жол қозғалысы ережелерін сақтау;
* қоғамдық орындарда тәртіп сақтау;
* заң талаптарын орындау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, оның ішінде тәуліктің кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу ескертілді.