
Қазіргі таңда интернет алаяқтықтың түрлері көбейіп келеді. Алаяқтар жалған интернет-дүкендер, әлеуметтік желілер және банк қызметкерлері ретінде қоңырау шалу арқылы азаматтардың ақшасын иемденуде. Полиция азаматтарға бейтаныс адамдарға банк картасының деректерін, SMS-кодтарды және құпия сөздерді бермеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге кеңес береді. Сақ болыңыз! Жеке деректеріңізді ешкімге бермеңіз және күмәнді жағдайда дереу полицияға хабарласыңыз.