«OLX» арқылы жарамсыз ұялы телефонын сатқан алаяқ ұсталды

«OLX» арқылы жарамсыз ұялы телефонын сатқан алаяқ ұсталды

   

      26 қарашада Қызылорда қаласы полиция басқармасына 1993 жылы туған азаматша арызданған.

      Онда 23 қараша күні әлеуметтік желідегі «OLX» парақшасы арқылы «Айфон-6» маркалы ұялы телефонын ер азаматтың жарамсыз күйде сатып жіберіп, алдап кеткені туралы көрсеткен. 

      Тәртіп сақшыларының жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті қала тұрғыны анықталып, ұсталды.

      Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 бабының 1 бөлігімен (Алаяқтяқ) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі