Қызылордада жылдамдық асырған 30 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Қызылордада жылдамдық асырған 30 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

        Маусым айынан бастап Қызылорда қаласы орталығында автокөліктер ағымы басым көп жүретін көше бойларына «АРКАН» стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғылары іске қосылған болатын. Құрылғыларды қоюдың негізгі мақсаты жол қауіпсіздігін сақтап, жол көлік оқиғасын азайту болып саналады.

Айта келсек құрылғылар іске қосылғаннан бастап 30 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

Онымен қоса жол көлік оқиғалары да өткен жылдармен салыстырғанда біршама азайған.

Осыған орай, құрылғылардың тиімділігін көрсете отырып қаламызда алдағы уақытта құрылғыларды көбейту мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда.   

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі