«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

2026 жылғы 9 қыркүйекте Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде «Заң мен тәртіп» идеологиясын орнықтыру жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспары және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында профилактикалық кездесу өтті.

Кездесуді колледж директоры Жүнісов Абайбек Талғатұлы ашып, іс-шараның негізгі мақсаты мен маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ кездесуге арнайы қатысқан Қызылорда облысы Полиция департаментінің өкілдерін таныстырып, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда білім беру ұйымдары мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара байланыстың маңызын атап өтті.

Іс-шараға:

🔹 Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Альдешов Рауан Қырымұлы;

🔹 Киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері, полиция подполковнигі Ермаханов Нұртілек Тұрмаханұлы;

🔹 Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері, полиция капитаны Ахмет Темірхан Асқатұлы;

🔹 Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Төртінші бөлімінің бастығы, полиция майоры Өткелбаев Жанболат Еркінбекұлы қатысты.

Кездесу барысында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, топтық төбелеске жол бермеу, есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымынан сақтану, буллинг пен зорлық-зомбылықтың профилактикасы, ерте жүктіліктің алдын алу, киберқылмыс пен интернет-алаяқтықтан қорғану және әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік мәселелері жан-жақты түсіндірілді.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтардың құқықтық салдары мен жауапкершілік түрлеріне тоқталып, білім алушыларға қауіп-қатерлерден сақтану жолдары бойынша маңызды ұсынымдар берді.

Іс-шара соңында білім алушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауап алды.

Мұндай профилактикалық кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығы мен жеке жауапкершілігін арттырып, заңға құрметпен қарауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Заңға құрмет – қауіпсіз болашақтың кепілі!