25–27 тамыз аралығында Қызылорда облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімі ұйымдастыруымен «Біз қасыңыздамыз. Бізден сұраңыз» республикалық ақпараттық акциясы өткізілуде.
Акция барысында тұрғындарға отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, зорлық-зомбылыққа жол бермеу, жәбірленушілердің құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар азаматтарға полиция органдарына, дағдарыс орталықтарына және тиісті мемлекеттік органдарға жүгіну мүмкіндіктері түсіндіріліп, отбасылық жанжалдардың алдын алу және зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол бермеу жөнінде ақпараттар ұсынылуда.
Акцияның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жәбірленушілерге қажетті көмек көрсету тетіктері туралы ақпараттандыру.
Құқық қорғау органдары азаматтарды отбасындағы зорлық-зомбылыққа бейжай қарамауға, өз құқықтарын білуге және қажет болған жағдайда тиісті органдардан көмек сұрауға шақырады