24–30 тамыз аралығында облыс көлемінде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – заңсыз аң аулау мен табиғи ресурстарды заңсыз пайдаланудың алдын алу.
Полиция қызметкерлері аңшылық алқаптары мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кіреберіс-шығаберістерде мобильді бекеттер ұйымдастырып, көлік құралдарын тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Заңсыз аңшылық, қару-жарақ пен аңшылық өнімдерін тасымалдау фактілерінің жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шаралар күшейтілді.
Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет!