ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНІНДЕ ҚЫЗМЕТТІК ТӘРТІП ПЕН ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНІНДЕ ҚЫЗМЕТТІК ТӘРТІП ПЕН ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қызылорда облысына жұмыс сапарымен Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция полковнигі Абай Серікұлы Қайырбеков келіп, Полиция департаментінің басшылығымен және жеке құрамымен кездесті.

Кездесу барысында құқық қорғау органдары қызметінің негізгі бағыттары талқыланып, заңдылық пен қызметтік тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және полицияның оң имиджін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Абай Серікұлы полиция қызметкерлеріне қызмет барысында «Заң мен тәртіп» қағидатын берік ұстанудың маңыздылығын атап өтті. Әрбір қызметкер өз міндеттерін адал әрі сапалы атқарып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда жоғары жауапкершілік танытуы қажет екенін айтты.

Сонымен қатар министрдің орынбасары алда өтетін құрылтай сайлауы кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Ішкі істер министрінің тапсырмаларын жеке құрамға жеткізді.

Кездесуде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің күнделікті жұмысы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен тікелей байланысты екені атап өтілді. Осыған байланысты полиция қызметкерлеріне заң талаптарын қатаң сақтау, қызметтік тәртіпті нығайту және халықпен өзара сенімге негізделген қарым-қатынас орнату қажеттігі түсіндірілді.

Жұмыс сапары барысында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы негізгі міндеттер айқындалып, полиция қызметінің тиімділігін арттыруға басымдық берілетіні атап өтілді.