«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің Әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қармақшы аудандық аумақтық инспекциясымен бірлесіп, бақылау іс-шараларын өткізді. Іс-шара барысында Ресей Федерациясынан Байқоңыр қаласына тасымалданатын, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынған тауық жұмыртқаларының заңсыз айналымының алдын алу бағытында тексерулер жүргізілді. Бірлескен рейд кезінде тасымалданатын өнімдерге бақылау жасалып, ветеринариялық-санитариялық талаптар мен қолданыстағы заңнама нормаларының сақталуы қадағаланды. Осындай профилактикалық іс-шаралар заңсыз тасымалдың жолын кесуге, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және заң талаптарының сақталуына бағытталған.