ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА МАС КҮЙІНДЕ КӨЛІК БАСҚАРУ ДЕРЕКТЕРІ БОЙЫНША ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА МАС КҮЙІНДЕ КӨЛІК БАСҚАРУ ДЕРЕКТЕРІ БОЙЫНША ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

Қызылорда облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бері 7 жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді.

Қабылданып жатқан кешенді шараларға қарамастан, облыс аумағында жыл басынан бері мас күйінде көлік басқарудың 490 дерегі анықталды.

Аталған құқық бұзушылықтардың 341-і бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды. Заң талаптарына сәйкес құқық бұзушыларға 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру және 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы көзделген.

Сонымен қатар, көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, қайтадан алкогольдік масаң күйде рөлге отырған 20 азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық істер тіркелді. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалып, көлік құралдары айып тұрағына қойылды.

Қызылорда облысының Полиция департаменті барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, мас күйінде көлік басқармауға және өз өмірі мен өзгенің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.