Сталкинг пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында ақпараттық кездесу өтті

Сталкинг пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында ақпараттық кездесу өтті

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде Қызылорда облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімі қызметкерінің қатысуымен «Сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлеріне жол бермеу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу барысында қатысушыларға сталкинг ұғымы, оның негізгі белгілері, құқықтық жауапкершілігі, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары, қолданыстағы заңнамадағы өзгерістер және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері туралы жан-жақты мәлімет берілді. Сондай-ақ, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарға мүлдем жол бермеу, қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру және заң талаптарын сақтау мәселелері кеңінен талқыланды. Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес толыққанды жауаптар мен құқықтық түсіндірмелер алды. Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның басты кепілі.