«Ауладағы қабылдау» республикалық акциясы аясында тұрғындармен кездесу өткізілуде

«Ауладағы қабылдау» республикалық акциясы аясында тұрғындармен кездесу өткізілуде

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың 20–26 шілде аралығында республика көлемінде «Ауладағы қабылдау» республикалық акциясы өткізілуде. 👮‍♂️ Акция аясында Қызылорда қаласы Полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары өздерінің әкімшілік аумақтарындағы тұрғындармен кездесулер өткізіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдардың, барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындардың, сондай-ақ пәтер иелері бірлестіктерінің өкілдерімен бірлесіп, тұрғындардың аулаларында ашық форматтағы кездесулер ұйымдастыруда. 🔹 Акцияның негізгі мақсаты: • азаматтарға құқықтық және тұрмыстық мәселелер бойынша кеңес беру; • қиын жағдайға тап болған тұрғындарға қолдау көрсету; • тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдау; • халық пен полиция арасындағы сенім мен ашық байланысты нығайту. 📍 Құрметті тұрғындар! Өз аулаңызда өтетін кездесулерге белсенді қатысып, өзіңізді толғандырған сұрақтарыңызды қойып, ұсыныс-пікірлеріңізді білдіруге шақырамыз. 🤝 Бірлесіп әрекет етсек – қауіпсіз қоғам қалыптастырамыз!