Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау – үлкен жауапкершілік пен зор құрмет

Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау – үлкен жауапкершілік пен зор құрмет

Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау – әр адам үшін үлкен жауапкершілік пен зор мәртебе. Еліміздің азаматы атанған әрбір жан мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, Конституция мен заңдарды сақтауға, Қазақстанның өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосуға міндетті. Жуырда Қызылорда облысының тұрғыны Бектасова Фарида Бегайдарқызы халықаралық шарттар мен қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен қабылдады. Фарида Бегайдарқызы үшін бұл – өміріндегі ерекше әрі қуанышты сәт. Ол Қазақстанды өзінің туған үйіндей қабылдайтынын, еліміздегі татулық пен тұрақтылықты жоғары бағалайтынын жеткізді. «Қазақстан Республикасының азаматы атанғаныма өте қуаныштымын. Маған осындай мүмкіндік берген мемлекетке алғысымды білдіремін. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне өз үлесімді қосып, заңдарын құрметтеп, ел игілігі үшін адал қызмет етуге дайынмын», – дейді ол. Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағының арқасында елімізде түрлі этнос өкілдері бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп келеді. Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған әрбір адамның мемлекетіміздің дамуына қосар үлесі маңызды. Фарида Бегайдарқызын Қазақстан Республикасы азаматтығын алуымен шын жүректен құттықтаймыз! Оған ел игілігі жолында табысты еңбек етіп, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосатын абыройлы азаматтардың бірі болуына тілектеспіз.