«Өңірлік Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

«Өңірлік Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына және Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығына сәйкес, облыс аумағында 2026 жылғы 15–31 шілде аралығында «Өңірлік Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қаруды қолдану арқылы жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, заңсыз айналымдағы атыс қаруын анықтау және тәркілеу, ұрланған әрі жоғалған қаруларды іздестіру, сондай-ақ азаматтық қару иелерінің тұрғылықты жері бойынша қаруды сақтау талаптарының сақталуын тексеру.

Осыған байланысты Қызылорда облысы Полиция департаменті қару иелерін қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауға және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына түсіністікпен қарауға шақырады.

Заң мен тәртіп – қоғамдық қауіпсіздіктің кепілі!