Шетелдік әріптестермен және халықаралық бейінді ұйымдармен, әсіресе трансұлттық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласында өзара іс-қимыл нығайтылуда. ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов атап өткендей, биыл мамыр айында алғаш рет ІІМ Украина Ұлттық полициясымен бірлескен операция нәтижесінде қазақстандықтарды заңсыз әрекеттерге тартқан ірі call-орталықтың қызметі тоқтатылды. Полиция полковнигі ұлттық заңнаманы жетілдіруге де назар аударды.
«Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» Заң қабылданды. Есірткі өндіру үшін жаза күшейтілді; «дропперлік» үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Күшті заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қатысты қылмыстық жауапкершілік енгізілді», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Бұл ретте профилактикаға ерекше назар аударылады. Қуандық Әлжановтың айтуынша, 12 мыңнан астам іс-шара өткізілді. Жазғы кезеңде есірткіге қарсы іс-шаралар жазғы сауықтыру лагерлерінде де өткізіледі. Ойын-сауық мекемелерінде профилактикалық жұмыстар күшейтілді. Сотталғандар мен босатылуға жататын адамдарды қайта әлеуметтендірудің көпдеңгейлі жүйесі жолға қойылды.