
2026 жылғы 1–3 шілде аралығында қала көлемінде өткізіліп жатқан «Нүктелік пысықтаулар» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 1 шілде күні «Ай-Керім» жазғы лагерінде құқықтық түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.
Іс-шараны Қызылорда қаласы Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері өткізіп, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жасөспірімдерге заң талаптарын сақтау, қоғамдық орындардағы тәртіп қағидалары, құқықтары мен міндеттері, интернеттегі қауіпсіздік, сондай-ақ құқық бұзушылықтың құқықтық салдары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция қызметкерлерінен нақты жауаптар алды.
Мұндай профилактикалық кездесулер жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қауіпсіз қоғамдық ортаны нығайтуға бағытталған. Қызылорда қаласы Полиция басқармасы құқықтық түсіндіру жұмыстарын алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырады.