
Қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуы – үлкен жауапкершілікті талап ететін қызмет. Сол жауапкершілікті күн сайын абыроймен атқарып жүрген мамандардың бірі – анықтаушы. Қызылорда облысы полиция департаменті Қазалы ауданының полиция бөлімінің анықтау тобының анықтаушысы Айдәулет Айдар Шәриұлы өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді адалдықпен атқарып келеді. Оның жұмыс күні әрбір істің мән-жайын анықтаудан басталады. Оқиға орнында жиналған материалдарды зерделеу, дәлелдемелерді саралау, процессуалдық шешімдер қабылдау – анықтаушы қызметінің күнделікті бөлігі. Әрбір істе заң талаптарын басшылыққа алып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына басымдық береді.