
«Жолдағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде тұрғындардың назарын көлік құралдарының айналасында болатын «соқыр аймақ» қаупіне аударғымыз келеді.
«Соқыр аймақ» – жүргізуші көлік кабинасынан толық көре алмайтын аумақ. Бұл жерде тұрған жаяу жүргіншілерді, әсіресе балаларды жүргізуші байқамай қалуы мүмкін. Мұндай жағдайлар жол-көлік оқиғаларының орын алу қаупін арттырады.
Осыған байланысты балаларға келесі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:
Құрметті ата-аналар!
Балаларыңызға «соқыр аймақтың» қауіпті екенін түсіндіріп, жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін тұрақты түрде еске салып отыруларыңызды сұраймыз.
Балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Жол қауіпсіздігін сақтау арқылы ғана қайғылы оқиғалардың алдын ала аламыз.