3–7 маусым аралығында «Жолдағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі
Қызылорда облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастамасымен жазғы демалыс кезеңінің басталуына байланысты 2026 жылғы 3–7 маусым аралығында «Жолдағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Іс-шараның мақсаты – самокаттарды, велосипедтерді және өзге де жеке мобильді құралдарды басқаратын кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, олардың жол жүрісі қағидаларын бұзу фактілерін азайту және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.