Қызылорда полициясы Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті

Қызылорда полициясы Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қызылорда қаласындағы Рәміздер алаңында облыстық Полиция департаментінің жеке құрамы салтанатты сапқа тұрып, Мемлекеттік Әнұранды орындады. Іс-шара барысында департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Оралбек Омаров жеке құрамды мерекемен құттықтап, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу әрбір азаматтың қасиетті парызы екенін атап өтті. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – тәуелсіздігіміздің, бірлігіміз бен елдігіміздің нышаны. Көк байрағымыз әрдайым биікте желбірей берсін!