Басқарма басшылығы интернет алаяқтық бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Басқарма басшылығы интернет алаяқтық бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Қызылорда қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Шагиров Азиз Алиевич Қызылорда қаласындағы Торғай-Петролеум АҚ мекемесінің қызметкерлерімен кездесіп, интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында соңғы уақытта кең таралған интернет-алаяқтық түрлері, атап айтқанда жалған банк қызметкерлері арқылы қоңырау шалу, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы күмәнді сілтемелер жіберу, онлайн несие рәсімдеу және жеке деректерді заңсыз иемдену фактілері жөнінде айтылды. Сонымен қатар азаматтарға бөтен адамдарға жеке мәліметтерін, банк картасының деректерін, SMS арқылы келген кодтарды бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу және белгісіз нөмірлерден келген хабарламаларға сақтықпен қарау қажеттігі түсіндірілді. Полиция қызметкерлері интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтау – алаяқтардың құрбаны болмаудың негізгі жолы екенін атап өтті. Тұрғындарды сақ болуға және күмәнді жағдайлар туындаған кезде бірден полицияға хабарласуға шақырды.