ЗАҢ МЕН ТӘРТІП - ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП - ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні Қазалы аграрлы - техникалық колледжінде «Заң және тәртіп» қағидаты аясында құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикалық шараларын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық әрекеттерін болдырмау мақсатында колледж жатақхана студенттеріне «Заң мен тәртіп – ортақ жауапкершілік» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қазалы ауданы Полиция бөлімі ҚҚб-нің ЮПт-ның аға инспекторы, полиция подполковнигі М.Т.Бегалиева жатақхана студенттері арасында зорлық - зомбылықтың, әлімжеттіктің, құқықбұзушылықтың, зиянды әдеттердің алдын алу және жатақхана ішінде тәртіпті, тазалықты сақтау қажеттілігі туралы ескертті.