
Тұрғындар тыныштығын күзеткен учаскелік инспекторлар әмбебап мамандар. Таң атқаннан кеш батқанға дейін қайнаған тіршіліктің ортасында жүрген учаскелік полиция инспекторлары қызметінің көзге көрінбейтін ауыртпалығы көп, жауапкершілігі мол.
Азаматтардың құқықтарын қор¬ғау, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зом-былық, құқықтық тәртіп пен жол қауіп¬сіздігін қамтамасыз ету, көші-қон, қор¬шаған ортаны қорғау, кәмелетке толмаған жеткіншектердің ата – анасының рұқсатынсыз түнгі уақытта жүруі секілді мәселелерді шешу жүктелген.
Жауапкершілік үлкен, себебі учаскелік полицейдің жұмысының нәтижесі бойынша жалпы ішкі істер органдарына баға берілетіні белгілі. Бұл ретте учаскелік инспекторларды халық пен полицияны байланыстырушы буын десек артық айтпаспыз.
24 сағат байланыста болатын олар үшін ең бастысы халық тыныштығы мен қауіпсіздігі. Халықпен ашық диалог жүргізетін олар қай кезде болмасын көмек қажет кезде тұрғындардың жанынан табылады.
Қоғам тыныштығын сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген адал қызметкерлер аз емес. Солардың бірі — өз ісіне берілген, халықтың сеніміне ие болған учаскелік полицей Жәметов Мақсат Назарбайұлы.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жалағаш аудандық полиция бөлімінің Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры әкімшілік аймағында тұрғындардың қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтап, 2011 жылдан бастап қызмет атқарып келеді.
Қызметіне адал полицей сап түзеп қатарда тұруды, қару асынып қоғам тыныштығын қадағалауды басты міндеті санайды.
Мақсаттың мойнында өзіне жүктелген әкімшілік аймақта есепте тұрған өзге де азаматтарды бақылау жауапкершілігі тұр. Бұдан басқа түрлі сауда нүктелеріндегі ішімдікті сату ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Бұл мақсатта учаскелік полиция инспекторы түнімен жұмыс істейтін сауда орындарын аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
Айта кетерлігі, тәртіп сақшысы қызмет атқаратын Т.Жүргенов атындағы ауылдық округ толықтай ішімдіктен бас тартқан ауылдардың бірі. Бұл жетістікке жету жолында ауыл ақсақалдары, тұрғындар және полиция қызметкерлері бірлесе жұмыс атқарды. Соның ішінде учаскелік полицейдің еңбегі ерекше.
Бұдан бөлек отбасы тыныштығын сақтауда учаскелік полиция инспекторы Мақсат Жәметовтің жұмыс қауырт. Ол қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп қана қоймай, тұрмыстық жанжалдардың алдын алу жұмыстарын да қатар жүргізеді.
Учаскелік полиция инспекторы әр отбасының амандығы қоғам тұрақтылығының негізі екенін жақсы түсінеді. Қиын жағдайға тап болған жандарға қолдау көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Бүгінде полиция майоры Мақсат Назарбайұлының отбасы жас ұрпаққа үлгі, қызмет пен отбасылық құндылықтарды үйлестіріп жүрген отбасылардың бірі.
Оның отбасының басты ұстанымы — ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды сақтау. Бала тәрбиесінде отансүйгіштік, сыйластық, ізгілік сынды асыл қасиеттерге ерекше мән береді. Жұбайы Балымбетова Арайлым Болатқызымен үш ұл тәрбиелеп отыр.
«Менің отбасым – менің өмірдегі ең үлкен тірегім. Қызметтен кейін отбасымның жанында болу маған күш-қуат береді», – дейді тәртіп сақшысы. Мақсаттың отбасы оның қызметінің жауапкершілігін түсініп, әрдайым қолдау көрсетеді.
15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай тәртіп сақшысы отбасының құндылығын ерекше атап өтіп, тұрғындарды маңызы зор мерекемен құттықтады.
«Отан отбасынан басталады" демекші жанұяның береке-бірлігі әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Барша қазақстандықтарды "15 – мамыр Халықаралық Отбасы" күні мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, әрбір шаңыраққа шаттық, отбасылық баянды бақыт, амандық тілеймін» дейді полиция майоры.
Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Отбасы күні қоғамымызды руханилықты, өнегелілікті нығайтатыны сөзсіз.