Қызылорда облысы полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері банктерге келген азаматтарға интернет алаяқтарынан сақ болу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қызылорда облысы полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері банктерге келген азаматтарға интернет алаяқтарынан сақ болу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында тұрғындарға күмәнді қоңыраулар мен жалған хабарламаларға сенбеу, банк картасының деректерін бөгде адамдарға бермеу, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таралатын күмәнді сілтемелерге өтпеу қажеттігі ескертілді.  Полицейлер азаматтарды қырағы болуға шақырып, интернет алаяқтарының арбауына түспеу үшін ақпараттық жадынамалар таратты.  Құқық қорғау органдары интернет алаяқтықтың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыруда.