
Байқауға кәсіби және әуесқой фотографтар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан мен шетелдің шығармашылық өкілдері қатыса алады. Конкурсқа арналған жұмыстар төмендегі үш номинация бойынша қабылданады: 1. "Заң мен тәртіп — қауіпсіз балалық шақтың кепілі" 2. "Цифрлық қауіпсіздік: қоғам тыныштығын күзететін заманауи технологиялар" 3. "Таза Қазақстан: тәртіп тазалықтан басталады" Жұмыстарды қабылдау 2026 жылғы 10 маусымға дейін жалғасады. Жұмыстар электрондық пошта арқылы қабылданады: Polisia.kz@bk.ru Қатысу талаптары: Бір қатысушыдан 3 фотосуретке дейін қабылданады;
Жұмыстар JPEG форматында қабылданады;
Сапасы кемінде 5 MP, 300 dpi болу керек;
Әр фотосуретке тиісті номинация көрсетілген қысқаша сипаттама қоса берілуі қажет. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.