
Қызылорда облысы Полиция департаментінде Ұлы Отан соғысында қаза тапқан майдангерлер мен қызметтік міндетін орындау барысында ерлікпен қаза болған полиция қызметкерлерін еске алуға арналған тағылымды шара өтті.
Іс-шараға Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы, ішкі істер органдарының ардагерлері, тыл ардагерлері, «Жас сақшы» полиция сыныбының оқушылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиналғандар фашизмге қарсы соғысқан ішкі істер органдары ардагерлерінің құрметіне орнатылған ескерткішке және қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлеріне арналған мемориалдық стелаға гүл шоқтарын қойды.
Гүл қою рәсімінен кейін қатысушылар ерлікпен қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың ел тыныштығы жолындағы жанқиярлық еңбегіне тағзым етті.
Мұндай тағылымды шаралар жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, Отан алдындағы адал қызмет пен ерліктің маңызын насихаттауға бағытталған.