Қызылордада «Таза қоғам – таза аймақ» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Қызылордада «Таза қоғам – таза аймақ» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталған іс-шараның алғашқы тәулігінде облыс көлемінде 232 қызметкер жұмылдырылып, нәтижесінде 479 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Оның ішінде 58 дерек қоғамдық орындарды ластағаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабымен, ал 421 дерек абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 505-баппен ресімделді. Сонымен қатар еріктілер мен белсенді азаматтарды тарта отырып, Арал, Қазалы, Қармақшы және Шиелі аудандарында қоршаған ортаны тазарту жұмыстары ұйымдастырылды. Тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында Арал, Қазалы, Шиелі және Жаңақорған аудандарында қоғамдық орындарда түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды. Аталған жұмыстар алдағы уақытта да қарқын алып, өңірде тазалық мәдениетін қалыптастыру мен қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағыттала бермек.