Қызылордалық полицейлер интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында оқушылармен кездесті

Қызылордалық полицейлер интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында оқушылармен кездесті

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Қызылорда қаласындағы «Сыр білімі» мектебінің оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында қазіргі таңда кең таралған интернет алаяқтық, кибербуллинг, сталкинг, ұрлық және өзге де құқықбұзушылық түрлері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, экстремизм мен терроризм қылмыстарының алдын алу бағытында ақпарат беріліп, оқушыларға алаяқтардың арбауына түспеу жолдары мен жеке қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде маңызды кеңестер ұсынылды. 

Полицейлер жастарды қырағылық танытуға, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және бейтаныс адамдардың ұсыныстарына сенбеуге шақырды.