
Дропперлік — қаржылық алаяқтықтың кең таралған түрлерінің бірі. Бұл — үшінші тұлғалардың заңсыз ақша айналымы үшін азаматтардың банк шоттарын немесе төлем карталарын пайдалануы.

Қара ниеттілер азаматтарды алдап, "жеңіл табыс" ұсынады. Мұндай ұсыныстар қауіпсіз болып көрінгенімен, олардың артында заңға қайшы әрекеттер жатыр.

Полиция банктер күмәнді қаржылық операцияларды тұрақты түрде бақылауда ұстайтынын ескертеді. Егер қысқа уақыт ішінде көптеген аударым жасалса, әртүрлі тұлғалардан қаражат түссе немесе шоттар алаяқтықпен байланысты болса, келесі шаралар қабылданады:

есепшотқа қызмет көрсетуді уақытша шектеу;

жүргізілген операциялар бойынша түсініктемелер мен құжаттар талап ету;

шоттағы қаражатты толық бұғаттау;

материалдарды құқық қорғау органдарына жолдау;

азаматты банктің “қара тізіміне” енгізу.
Мұндай жағдайда азамат банк қызметтерін пайдалану мүмкіндігінен айырылады.

Есте сақтаңыз, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Заңды білмеу — жауапкершіліктен босатпайды. Сақ болыңыз!
#ЗАҢМЕНТӘРТІП