«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Қызылорда облысы аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

Ағымдағы жылдың 27–29 сәуір күндері мамыр мерекелері қарсаңында өткізіліп жатқан бұл шараның негізгі мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері көшелерде, қоғамдық орындарда және жолдарда күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Негізгі назар құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға, оларды дер кезінде анықтауға және жолын кесуге бағытталған.

Сонымен қатар, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мақсатында жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Құқық қорғау органдары азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстануға және заң талаптарын бұзбауға шақырады.