Қызылорда облысында Қызылорда полиция Департаменті Әкімшілік полиция басқармасының ұйымдастыруымен Республикалық жолда қабылдау акциясы өткізілді.

Қызылорда облысында Қызылорда полиция Департаменті Әкімшілік полиция басқармасының ұйымдастыруымен Республикалық жолда қабылдау акциясы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты-азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көші-қон заңнамасы мен полиция қызметіне қатысты сұрақтарға ашық түрде жауап берілді. Акция таңертеңнен басталып, мобильді қабылдау пункттеріне 200-ден аса тұрғын жүгініп, құқықтық және практикалық мәселелер бойынша кеңес алды. Тұрғындар негізінен көлік тіркеу, айыппұлдар, жүргізуші куәлігін қалпына келтіру, көші-қон және тұрғын үй аумақтарында тәртіп мәселері бойынша сұрақ қойды.