Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қызметкерлері арасында өткен дзюдодан республикалық чемпионат аяқталды.

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қызметкерлері арасында өткен дзюдодан республикалық чемпионат аяқталды.

Екі күн бойы еліміздің түкпір-түкпірінен келген 300-ден астам полиция қызметкері жоғары дайындық деңгейін, рух мықтылығын және жеңіске деген жігерін көрсетті. Алғашқы күндері жекелей салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаздар анықталса, финалдық кезең ең беделді — командалық есепке арналды. Жекелей сайыстардың қорытындысы бойынша: – 100 кг салмақта Серік Ақылдбек – I орын – 90 кг салмақта Жалғас Рамазан – III орын – 81 кг салмақта Алтай Дінмұхамед – III орын – 73 кг салмақта Беркімбай Руслан – III орын Командалық есепте құрама команда жүлделі III орынды иеленді. Жалпы қорытынды: 1 алтын, 3 қола. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, толағай табыс, алдағы жарыстарда жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз. Еңбектеріңіз әрдайым еленіп, ел намысын абыроймен қорғай беріңіздер!