ІІМ IV халықаралық "Серт" детективтік шығармалар байқауына жұмыстарды қабылдау мерзімінің ұзартылғанын хабарлайды

ІІМ IV халықаралық "Серт" детективтік шығармалар байқауына жұмыстарды қабылдау мерзімінің ұзартылғанын хабарлайды

Ішкі істер министрлігі IV халықаралық "Серт" детективтік шығармалар байқауына жұмыстарды қабылдау мерзімінің ұзартылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Polisia.kz. Бұған дейін өтінімдерді қабылдау сәуір айына дейін болған, алайда қатысушылар тарапынан жоғары қызығушылық пен байқау географиясының кеңеюіне байланысты ұйымдастыру комитеті жұмыстарды қабылдау мерзімін 1 тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. "Серт" байқауы ішкі істер органдары қызметкерлерінің ерлігі мен кәсіби батылдығын насихаттауға, полицияның оң имиджін қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамның мәдени және рухани адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағытталған. Байқау жұмыстары қызметтің күрделілігін ашып, қызметтік борышына адалдық пен жанқиярлықтың нақты мысалдарын қамтуы керек. Байқауға Қазақстан мен шетелдердің БАҚ өкілдері, жазушылары, шығармашылық тұлғалары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатыса алады. Бұрын еш жерде жарияланбаған, қазақ немесе орыс тілдерінде жазылған және нақты оқиғаларға негізделген детективтік шығармалар (романдар, повестер, әңгімелер) қабылданады. Жұмыстарды Word форматында "байқауға" деген белгімен келесі электрондық пошталарға жіберу қажет: m.kuishenova@mvd.gov.kz es.arystanov@mvd.gov.kz Өтінімге автор туралы мәліметтер қоса жолдануы тиіс: аты-жөні, жасы, мамандығы, тұрғылықты мекенжайы және байланыс нөмірі.