ІІМ-де идеологиялық жұмыс мәселелері талқыланды

ІІМ-де идеологиялық жұмыс мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департаментінің бастығы, полиция полковнигі О.С. Мырзабековтің төрағалығымен бейнеконференцбайланыс режимінде жиналыс өтті. Іс-шараға аумақтық полиция департаменттері, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері, Күзет қызметі, сондай-ақ ІІМ-нің оқу орындарының басшылығы қатысты. Аталған жиналысқа Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Туляпов Сейтмұрат Сұлтанбекұлы қатысып, өңірдегі идеологиялық жұмысты ұйымдастыру бойынша қала және аудан басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді. Жиналыс барысында ІІМ-нің 2026 жылға арналған идеологиялық жұмыс жоспары түсіндіріліп, оны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері талқыланды. Сонымен қатар, жеке құраммен жүргізілетін тәрбиелік және моральдық-психологиялық жұмыстарды жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.