Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кездесу өтті

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кездесу өтті

Қызылорда облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен және Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасымен бірлесіп, жасөспірімдер арасында қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында №4 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында полиция қызметкерлері жас спортшыларға қолданыстағы заң талаптарын түсіндіріп, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында профилактикалық кеңестер берді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында спорт саласындағы қауіпсіздікті арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және салауатты, заңға құрметпен қарайтын ұрпақ тәрбиелеу.