Қызылордада гарнизондық жиын өткізілді

Қызылордада гарнизондық жиын өткізілді

Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы алаңында гарнизондық жиын өтті. Іс-шараны Департамент бастығы, полиция полковнигі Ергешов Серік Жүрсінбайұлы өткізді. 🔹 Жиын барысында «Халық қаһарманы», полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың туған күніне орай еске алу іс-шарасы ұйымдастырылды. ⏱️ Полиция қызметкерлері қаһарманды бір минут үнсіздікпен еске алып, оның ерлігі мен адалдығы кейінгі ұрпаққа әрдайым үлгі болатынын атап өтті. ⭐ Ғазиз Байтасовтың есімі мен ерлігі ешқашан ұмытылмайды. 🚔 Іс-шара барысында жеке құрам күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Негізгі мақсат – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Демалыс күндері полиция қызметі күшейтілген режимде жүргізіледі. 🔹 Сонымен қатар, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау бағытындағы полиция қызметінің негізгі міндеттері түсіндіріліп, саптық бөлімше командирлеріне нақты тапсырмалар жүктелді. 🔸 Жеке құрамға қаруды қолданудың құқықтық негіздері мен оны пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары жеткізілді. 👮🏼‍♂️ Жиын соңында жеке құрам салтанатты саппен жүріп өтіп, Қызылорда қаласында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметіне кірісті.