Оқушылар арасында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу бағытында кездесу өтті

Оқушылар арасында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу бағытында кездесу өтті

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасы және Қызылорда қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері бірлесіп, Әлия Молдағұлова атындағы №173 мектеп оқушылары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында буллинг және кибербуллинг фактілерінің алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және құқық бұзушылықтардың жолын кесу. Кездесу барысында оқушыларға қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың салдары түсіндіріліп, әлімжеттік пен кемсітушілік әрекеттерге жол бермеу қажеттігі айтылды. Сонымен қатар, тақырыпқа қатысты арнайы бейнематериалдар көрсетіліп, оқушылармен пікір алмасу ұйымдастырылды. Шара соңында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жасөспірімдерді заң талаптарын сақтауға, бір-біріне құрметпен қарауға және қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын ұстануға шақырды.