Қызылорда облысы Полиция департаментінде әр аптаның дүйсенбі күні жеке құрамның саптық жиыны өткізіледі. Бүгінгі жиын жазғы киім үлгісіне көшу рәсіміне арналды.
Саптық жиынды Департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Оралбек Тәубақабылұлы Омаров басқарды. Жиын барысында қызметкерлердің нысандық киім үлгісі, қызметтік куәліктері мен жетондарының талапқа сәйкестігі тексерілді.
Сонымен қатар, саптық жарғы талаптарын сақтау, саптық дағдыларды жетілдіру, тәртіп пен жауапкершілікті күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатардағы және басшы құрамға белгіленген киім үлгісін қатаң сақтау тапсырылды.
Саптық жиын соңында полиция қызметкерлері салтанатты маршпен сап түзеп өтіп, күнделікті қызметтеріне кірісті.