Қызылордалық полиция қызметкері Қазақстан Республикасының Кубогында алтын медаль жеңіп алды

Қызылордалық полиция қызметкері Қазақстан Республикасының Кубогында алтын медаль жеңіп алды

2026 жылғы 26-27 наурыз күндері Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының Кубогы аясында өткен спорттық жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 500-ден астам спортшы қатысты. Жарыс тартысқа толы болып, қатысушылар өздерінің шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті. Бұл сайыста Қызылорда облысы Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы, полиция аға лейтенанты Сақтағанов Еңбек шеберлігін шыңдап, айқын жеңіспен алтын медальді иеленді. Ол жарыс барысында үздік спортшы атанып, жоғары нәтижемен көзге түсті. Сақтағанов Еңбек өзінің кәсіби және спорттық шеберлігін тағы да дәлелдеді.