
Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Е.Абдрамановтың төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Шара барысында Полиция департаментінің Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының бастығы полиция подполковнигі А.Құлмағанбетов баяндама жасап, «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заң аясында көзделген негізгі талаптар мен міндеттерді таныстырды. Жиын барысында мемлекеттік органдар мен басқа да субъектілер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту, құқық бұзушылықтардың алдын алу тетіктерін жетілдіру, азаматтарды профилактикалық жұмыстарға кеңінен тарту мәселелері айтылды. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігі атап өтіліп, заң талаптарын іске асыру мәселелері талқыланды.