ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МІНДЕТ

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МІНДЕТ

Қармақшы ауданында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және адам өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау мақсатында А.Жанпейісов атындағы # 105 мектеп-лицейінің 8-11 сынып оқушылары арасында жиналыс өткізілді. Жиналысқа бөлімнің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі Қасымханов Нұрболат пен қоғамдық бөлімшесі Ювеналды полици тобының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Жұбатыр Ғалым Әділжанұлы қатысып, ақпараттық-танымдық бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 📍Жиналыс барысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылық фактілерінің, жыныстық қолсұғылмаушылықтың алдын-алу, жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау, оқушылар мен жасөспірімдер арасында топтық төбелесті болдырмау бағытында түсіндірме жұмыстар жүргізілді.